ҚР СІМ: Ашықбаевтың орнына Рахметуллин келді

gov.kz
Осы тағайындауға дейін ол Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болған. Ол бүгін, 5 сәуірде бұл лауазымынан босатылды.

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. Үйленген, төрт баланың әкесі, қазақ, орыс, ағылшын, урду тілдерін жақсы меңгерген.

Алматы энергетикалық институтын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

Осы тағайындауға дейін ол Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болған. Ол бүгін, 5 сәуірде бұл лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды