Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

burmistr.ru
Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жұмыс істей алмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бұрынғы жемқор шенеуніктерді жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Айыппұл көлемі 300 мың теңгеге дейін болады. Бұл арада мемлекеттік орган немесе ұлттық компания тарапынан жұмыс берушілер туралы сөз болып отыр. Менеджер айыппұлды өз қалтасынан төлейтін болады.

Бұл жерде мына маңызды сәтті атап өткім келеді, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы жетекші лауазымдарға жұмысқа алуға қатаң тыйым салу туралы талап болған. Енді дәл осы жылдың басынан бастап Еңбек кодексіне күшіне енген түзетулер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордағы кез-келген лауазымға қабылдауға толықтай тыйым салу қарастырылған, деп мәлімдеді Антикор төрағасының бірінші орынбасары.

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жұмыс істей алмайды. Ал мұндай адамдарды жұмысқа қабылдаған менеджерлер Әкімшілік кодекстің 681-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды