Түркістан облысында бандиттік бригада ұсталды

ТО ПД баспасөз қызметі
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бопсалаумен айналысқан.

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданды. Ауыл тұрғыны үш ер адам оны қорқытып, шамамен 4 000 000 теңге ақша талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға "бопсалау" бабы бойынша тіркеді, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болып шықты.

Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша 9 адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары. Күдіктілердің 4-і ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынып, 5-еуі қолхатта. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды