Қарағандыда жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары болып қайтты

gov.kz
Жұмыс барысында Қарағанды облысының ашық диалог алаңдары өздерін жағымды жағынан көрсетті.

Қарағанды мен Саран қаласының фронт-кеңселерінде, сондай-ақ жаңа автобус шығаратын зауытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар болып қайтты. Жұмыс сапары барысында ол жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жұмысына баға берді.

Облыста сервистік әкімдіктердің ашылғанына біраз уақыт болды. Бүгінде олар халықпен жұмыс істеудің ажырамас құралы болып табылады. Мұнда тұрғындар кез-келген мәселе бойынша кеңес ала алады және мемлекеттік қызметшілердің тиісті түрде орындалмаған жұмысына шағым қалдыруына мүмкіндік жасалған.

Нұрлан Шабдардың айтуынша, диалог алаңдарының ашықтығы мен халыққа жақындығы тұрғындардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттырады. Фронт-кеңселердің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету болып табылады. Жұмыс барысында Қарағанды облысының ашық диалог алаңдары өздерін жағымды жағынан көрсетті.

Бұдан кейін Нұрлан Шабдар тәулік бойы бүкіл облысты қамтитын Қарағанды Бірыңғай үйлестіру орталығында болып қайтты. Senim109 қызмет нөмірі жедел желілер тізіміне енгізілген. Нұрлан Шабдар пандемия кезінде осындай орталық жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Нұрлан Шабдардың іс сапары барысында ат басын тіреген келесі нысаны YUTONG автобус шығаратын зауыты болды. Бұған дейін мұнда Protecting business and investments бизнес пен Инвестицияларды қорғау бойынша келісім жасалған болатын. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы орынбасарының пікірінше, кәсіпорын үшін бақылаушы және мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды