NASA Қазақстанға алғыс білдірді

ixbt.com
Біз Қазақстанның ғарышты игеруде шешуші рөл атқаратындығын және NASA-ның ондаған миссиясының ғарышқа ұшуға шыққандағы қақпасы болғанын мойындаймыз.

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) әлеуметтік желіде Қазақстанға алғыс білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін біз Адамзаттың ғарышқа ұшуы халықаралық күнін атап өтіп жатырмыз! Сондай-ақ биыл біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың 30 жылдығын да атап өтеміз. Біз Қазақстанның ғарышты игеруде шешуші рөл атқаратындығын және NASA-ның ондаған миссиясының ғарышқа ұшуға шыққандағы қақпасы болғанын мойындаймыз, деп жазды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Twitter-де.

Өз кезегінде NASA-ның Twitter-дегі ресми парақшасында елшіліктің жазбасына жауап жарияланды.

Қазақстанмен арадағы маңызды серіктестік NASA - адамзаттың орбиталық зертханасын іске қосу алаңына айнала отырып, армандардың орындалуына көмектесті. Адамзаттың ғарышқа ұшуының халықаралық күні құтты болсын! - делінген АҚШ ғарыш агенттігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды