Тоқаев АҚШ-тағы жаңа елшімен кездесті

akorda.kz
Тоқаев елшіге бірқатар тапсырма берді.

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

Президент Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқан. Мәдени-гуманитарлық және білім салалары бойынша табысты ықпалдастық орнаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды