Қарағандыда полиция қызметкері оқыстан қаза тапты

automan.kz
Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Үйленген. Төрт баласы бар.

Екатеринбург-Алматы тас жолының Балқаш қаласынан Қарағанды ​​бағытындағы 45 шақырымдық жолда таңғы сағат 6-40-та Volvo жүк көлігі мен облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы мінген Kia rio көлігі соқтығысып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды ​​облыстық ПД-ның хабарлауынша, сол күні кезекшілікте болған облыстық патрульдік батальон инспекторы - 46 жастағы Хайдар Оразбаев оқиға орнында көз жұмды, ал арнайы көліктің 33 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарына байланысты ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды ​​облысының ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Үйленген. Төрт баласы бар.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды