Қазақ ақыны Есенғали Раушанов өмірден озды

egemen.kz
Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АССР-інде туған.

Қазақтың аса көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-те Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберген Елгезек жазды:

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, делінген жазбада.

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АССР-інде туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Алғашқы өлеңдерімен студенттік шағынан бастап таныла бастады. 80-ші жылдары елге кеңінен танылып, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.

"Жалын", "Арай" ("Заря") журналында редактор болып жұмыс істеген, "Жазушы" баспасын басқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды