Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелерін қарайды

Ж.Құспанов
Күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттар қарауына "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы бюджет саясатының және бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында бюджет шығыстарының қайтарымдылығын арттыруға бағытталған бюджет процесін реформалау көзделген.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Аталған құжат ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуіне қатысты бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды