Түркістан әкімдігі қалаға 3 мың жыл толғанын дәлелдеп, тойлатайын деп жүр 

Сурет: zakon.kz
Індет аяқталса, Түркістанда тағы ұлы той болады.

Түркістан қаласының әкімдігі бұған дейін Түркістан қаласына 3000 жыл екендігі дәлелденгені белгілі болғанын хабарлап жіберген.

Енді Түркістан қаласы аумағында табылған тарихи жәдігерлердің қола дәуіріне жататынын растайтын тұжырымдамаға Америка, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қол қойды, деген ақпарат таратып отыр.

Бұл тұжырымдама ЮНЕСКО-ның Парижде орналасқан бас кеңсесіне жіберіледі. Қазірде тұжырымдама бойынша, Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғаны туралы декларацияға құжаттар әзірленуде.

ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан құжаттар мақұлданған бойда, індет аяқталса Түркістанның үш мыңжылдығы аталып өтіледі деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды