Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Ақорда
Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Оған сәйкес, өзара іс-қимылды үйлестіру орталықтандырылған түрде Стандарттар бюросы арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл енгізілген мемлекетаралық стандарттардың орталықтандырылған есебін қолдану мен сұраныстың заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Одан бөлек Президент "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Конвенцияға сәйкес, сотталған адам немесе заңды өкіл жазасын тұрғылықты жерінде өтеуге өтініш береді. Өтініш негізінде Бас прокуратура сұрау жібереді, атап айтқанда, азаматтығын куәландыратын құжаттар, оның жазбаша келісімі, сот шешімінің көшірмесі, сипаттамалары, келтірілген зиян туралы мәліметтерге сұрау жіберіледі. Сотталған адамды қабылдаушы ел белгіленген жазадан қатаң емес жазаны белгілейді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды