ШҚО-да өзен жекенің қолына өтіп, балық қырылып қалды

Ajale
Ал әзірге судан сынама алынып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

Өзен жекенің қолына өткелі, өңірде өлген балықтар көбейді. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Жағалаудан 800 метрдей жерде жалпы салмағы 450 келіге тартатын өлі балықтар табылыпты. Жергілікті жұрттың айтуынша, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп, орталық бөліктерінде су тереңдігі 80 сантиметрге әрең жетеді. Болжам бойынша, балықтың қырылуына су қоймасындағы таяз жерлердің қатуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Шар қаласының тұрғыны:

Былтыр аталған су қоймасы жекенің қолына өтті. Бұған дейін өз қолымызбен өзен суын қалыпты ұстауға тырысып едік, бірақ енді тіпті ешкім қарамай кетті. Жылда осы шар өзеніне келіп, балық аулайтынбыз. Ал мынаны көріп, жүрегім ауырып жатыр. Неге жауаптылар дер кезінде шара қабылдамаған?

Осы ретте, балық шаруашылығы бөлімінің басшылығы су қоймасына иелік еткен кәсіпкердің кінәсі дәлелденсе, оның әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады. Ал әзірге судан сынама алынып, тексеріс жүргізіліп жатыр екен.

Фархат Байбазаров, балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Енді толық білу үшін балықтың неден қырылғанын ғылыми институттан барып, судың сынамысын алды, енді тек сол сынамадан кейін, белгілі болады балықтың неден қырылғаны.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды