Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай баяндалды

Ақорда
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Министр Президентке ведомство жұмысындағы бірқатар оң үрдістер жайында айтты. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, биыл қылмыс деңгейі 13 пайызға қысқарған, тонау, ұрлық және бұзақылық 37 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа есірткі қылмысына қарсы күрес туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда полицейлер 860 есірткі қылмысын анықтап, синтетикалық заттар жасайтын 8 зертхананы жойған, 1 тоннадан астам есірткі тәркілеген.

Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы, оның ішінде, «қол жетімді полиция» қағидатын қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жайында ақпарат берді.

Ерлан Тұрғымбаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат санының тиісті нормаларға жеткізілгені, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу бойынша тергеуші әйелдердің мамандануын кезең-кезеңімен енгізу туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Президент жеке құрам мен ведомствоның ақпараттық саясатының жұмысын жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды