Шымкентте еркек көп пе, әлде әйелдер ме?

Отырар ТВ
Тұрғындардың жалпы санына келетін болсақ, бұл көрсеткіш 1 миллионнан асты.

Шымкент қаласында ер адамдарға қарағанда нәзік жандылар әлдеқайда басым екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес, Шымкентте әйелдер ер адамдардан көп болып шықты. Қалалық статистика департаменті 2021 жылдың басында нәзік жандылар саны 554 мың болғанын жеткізді. Бұл жалпы халықтың 51,6% құрайды. Ал ер адамдардың саны - 519 мың, бұл - жалпы қала халқының 48,4%.

Тұрғындардың жалпы санына келетін болсақ, бұл көрсеткіш 1 миллионнан асты. Департамент 2021 жылдың басында Шымкент қаласының тұрғындарының саны 1074,5 мың адамды құрағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды