Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

news.mail.ru
1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автокөлік ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды