Өлі табылған алты жасар балаға қатысты желіде аудио хабарлама тараған

24.kz
Жалған ақпарат таратқан әйелді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылордада полиция алты жасар баланың өліміне қатысты тараған аудио хабарламаның авторын іздеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

27 сәуірде бала серуендеуге ауладан шығып, содан үйге оралмаған. Екі күннен кейін жоғалып кеткен баланың денесі жеке тұрғын үйдің кәрізінен табылды.

Аудиожазбаның авторы сәбиді зорлап өлтірді деген қауесетті таратты.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жоғалып кеткен балаға қатысты жұрттың жағасын ұстататын аудиохабарлама тарауда. Қызылорда облысының полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді, деп хабарлайды полициядағылар.

Жалған ақпарат таратқан әйелді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілер немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалған ақпарат таратқан адамдар жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз, деп толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды