Қазақстаннан шыққан боксшы әлемде ең көп ақша тапқан спортшылардың ондығына енді

sports.kz
Владимир Кличко 1976 жылы Семей қаласында дүниеге келді, ал 1985 жылы ол отбасымен бірге Украинаға көшіп кеткен.

Қазақстанның тумасы Владимир Кличко тарихтағы ең көп гонорар алған спортшылардың ондығына енді, деп хабарлайды zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко, британдық БАҚ-тың хабарлауынша, кезінде, яғни спорттық мансабында 65 миллион фунт стерлинг тапқан. Бұл - спорт тарихындағы 9-10-шы орын.

Сонымен қатар, оның мансабындағы соңғы қарсыласы Энтони Джошуа кіші Кличконың табыс рейтингі бойынша деңгейлес болғандығы туралы да айтылды.

Тарихтағы ең көп гонорар алған спортшы - Флойд Мейвезер (235 миллион фунт), одан кейін Джордж Форман (215), Мэнни Пакьяо (160), Оскар Де Ла Хойя (145), Леннокс Льюис (100), Сауль Альварес (100), Конор МакГрегор (85) және Шугар Рей Леонард (85) тұр.

Владимир Кличко 1976 жылы Семей облысында (қазіргі Семей) дүниеге келді, ал 1985 жылы ол отбасымен бірге Украинаға көшіп кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды