Павлодар облысында 90 жастағы тыл ардагері ковидқа қарсы екпе алды

pavlodarnews.kz
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинадан кейінгі екінші күні науқастың дене қызуы 37,2-ге дейін көтеріліп, кейін қалыпты жағдайға келген. Қазір ардагердің жағдайы жақсы.

Павлодар облысында 90 жастағы тыл еңбеккеріне COVID-19-ға қарсы вакцина салынды. Дәрігерлер тобы Железин ауданы тұрғынының үйіне барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, 90 жастағы Леонид Мельникті коронавирусқа қарсы екпе алуға ешкім мәжбүрлемеген.

- Дәрігерлер егде адамға вакцинадан кейін қандай белгілер болуы мүмкін екенін және оны қалай бақылайтынын түсіндірді. Тыл еңбеккері вакцина салуға бірден келісті. Леонид Мельник COVID-19-қа қарсы вакцинаны жақсы қабылдады, - дейді басқармадағылар.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинадан кейінгі екінші күні науқастың дене қызуы 37,2-ге дейін көтеріліп, кейін қалыпты жағдайға келген. Қазір ардагердің жағдайы жақсы.

Еске сала кетейік, павлодарлықтар вакцина алу үшін өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады: ауруханада немесе қоғамдық орындардағы жылжымалы ауруханаларда екпе алуларына болады.

Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жалпы Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 49 912 адам, екінші компонентін 13 637 адам алған.

Павлодар облысы коронавирустық инфекция бойынша «қызыл» аймақта. Бүгіннен бастап облыста карантин күшейтілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды