Ақсу ауданының полиция бастығы желідегі видеодан кейін қызметінен кетті

flytothesky.ru
Ішкі істер органдары қызметкерінің этикаға сай келмейтін әрекеттері түсірілген видео желіде 4 мамырда пайда болды.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы өзіне қатысты әлеуметтік желілерде видео жариялағаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ішкі істер органдары қызметкерінің этикаға сай келмейтін әрекеттері түсірілген видео желіде 4 мамырда пайда болды.

Бұл қызметкер персоналмен жұмыс жасау кезінде өрескел қателік жібергенін мойындады және қызметінен босатуы туралы рапорт берді. Дегенмен, бұл фактіге қатысты менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша болған жағдайға объективті баға беріледі, - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры С.М.Күдебаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Ақсу аудандық полиция бастығының міндетін атқарушы өзін қалай-қалай ұстайды" деген тақырыпта видео пайда болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_video)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды