Алапат өртке байланысты Риддерде төтенше жағдай режимі енгізіледі

ШҚО ТЖД
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының аумағында қалалық масштабтағы төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлайды - Талғат Уәли.

Риддер ауданында алапат өртке байланысты қалалық масштабтағы төтенше жағдай енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының аумағында қалалық масштабтағы төтенше жағдай енгізілгені туралы хабарлайды, - деді Талғат Уәли журналистерге.

Бұған дейін ол бұл оқиғаға қатысты күдіктінің қамауға алынғанын айтты. Талғат Уәлидің айтуынша, ер адам орманда от жаққан.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өртті сөндіру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта, нақтыланған мәліметтер бойынша, 35 үй мен 9 қора-қопсы өртеніп кетті. Даниал Ахметовтың айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін 2,5 айдай уақыт қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды