Биыл Шығыс Қазақстанда 90 көшенің атауы өзгерді

ШҚО әкімдігі
Былтыр облыс бойынша 157 көше, 2 елді мекен және 21 нысанның атауы өзгерді.

2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 90 көше атауы өзгертілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде: идеологиялық тұрғыдан ескірген - 39 көше, тарихи және географиялық атаулар қайтарылғаны - 16, жалпы атаулар берілгені - 35, танымал тұлғалардың есімдері берілгені - 41 көше бар.

- Елді мекендердің, нысандардың, көшелердің және құрамдас бөліктерді қайта атау және оларға атау беру кезінде халықтың этникалық құрамы, жұртшылықтың пікірі ескеріледі және барлық рәсімдер қатаң түрде заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Облыста тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады, - дейді басқармасы басшысының міндетін атқарушы Толқын Берікбекова.

Айта кетейік, былтыр облыс бойынша 157 көше, 2 елді мекен және 21 нысанның атауы өзгерді. Оның ішінде: идеологиялық тұрғыдан ескірген - 65 көше, тарихи және географиялық атаулар қайтарылғаны - 35, жалпы атаулар берілгені - 57, танымал тұлғалардың есімдері берілгені - 63 көше бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды