Subaru Solterra – жапондар "моторы жоқ" мәшине шығарды

kolesa.kz
Subaru Solterra электрлі жол талғамайтын көлігі бензинді қозғалтқышы бар Forester-дің баламасы.

Toyota bZ4X таныстырылған соң кезек Subaru-ға келді. Маркаға тиесілі Solterra (sol/күн + terra/жер) кроссовері жақын арада көрсетіледі, дейді kolesa.kz.

Машина келесі жылдан бастап сатылымға шығады.

Solterra мен bZ4X модельдері Toyota – e-TNGA, ал Subaru e-SGP (Subaru Global Platform) деп атайтын электрлі көліктерге арналған ең жаңа платформада жасалған. Оның құрылымы үш түрлі жетектің (алдыңғы, артқы, толық) бәрін пайдалануға мүмкіндік береді. Электр рөлі дөңгелектермен механикалық байланыстан ажыратылған. Ал аккумуляторы күн батареясынан қосымша қуат алады. "Солтерраның" барлық ерекшелігі премьера кезінде белгілі болады.

Subaru Solterra-ны тойоталық көліктің егізі деуге негіз бар, олардың шанағы мен күштік құрылымының қуаты бірдей. Сондықтан екі модельде ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Тек шанақтың әрленуі, шамдары мен салонында ғана айырмашылық бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды