Токиода Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті

twitter.com/Tokyo2020
Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті.

Жазғы Олимпиаданың жабылу салтанаты Токиодағы Ұлттық стадионда өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты ашылу салтанатындағыдай ол да көрерменсіз жүргізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Токио ойындарында 339 медаль жиынтығы додаға салынды. Қазақстан жалпы олимпиадалық есепте 83 -ші орынды иеленді. Қазақстаннан барлығы 97 спортшы Токио Олимпиадасына қатысты, олар 27 спорт түрінен ел намысын қорғады. Командамыз тек қола медаль иеленді.

АҚШ құрамасы 39 алтын, 41 күміс және 33 қола медальмен жалпы есепте І-орынға ие болды. ІІ-орында - Қытай құрамасы (38-32-18), ІІІ-орында - Жапония (27-14-17), IV-орында - Ұлыбритания (22-21-22), V-орында - Ресей Федерациясы (20-28-23) ).

Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді. Ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізу туралы шешім қабылдады, ал жергілікті көрермендерге Жапонияның алты префектурасында, соның ішінде Токиода өтетін олимпиадалық шараларға қатысуға рұқсат берілмеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды