Уханьда бес күнде 11 млн адам коронавирус тестінен өткізілді

Павел Михеев / zakon.kz
Жаппай тест науқаны кезінде 9 адамнан коронавирус анықталған, барлығы карантинге жіберілген.

"Коронавирус алғаш рет осы қаладан тарады" делінген Қытайдың Ухань қаласының билігі вирус қайта күшейген соң 11 миллионнан астам қала тұрғынын коронавирус тестінен өткізгенін хабарлады.

Ухань билігінің өкілі Ли Тао 8 тамыз күнгі баспасөз жиынында тест науқанының бес күн бұрын басталғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 6 жасқа дейінгілерден басқа тұрғындардың барлығынан ПТР тест алынған.

Жаппай тест науқаны кезінде 9 адамнан коронавирус анықталған, барлығы карантинге жіберілген.

Соңғы мәлімет бойынша, қалада коронавирус жұқтырғандар 37 адамға жеткен. Одан бөлек, 41 адам коронавирустың "симптомсыз" түріне шалдыққан. Қала билігінің хабарлауынша, ПТР тест тапсыратын 2800 пунктіде 28 мыңнан астам медицина қызметкері істеген.

Бұған дейін қалада вирус жұқтырғандардың қайта көбеюіне байланысты қала билігі тұрғындарды жаппай тестіден өткізетінін хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды