Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырушы 11 жылға сотталды

zakon.kz
Синтетикалық есірткі өндірісі үшін қолданылатын заттар мен зертханалық қондырғылардан тұратын жүктің Алматыдағы көлік-логистикалық компаниялардың біріне жеткізілуі полицияның назарын аудартты.

Алматыдағы ірі есірткі зертханасының ұйымдастырушысы 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 2020 жылдың тамыз айында Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бау-бақша қоғамдастығының бірінде есірткі зертханасы анықталды.

Есірткі зертханасына айналдырылған үйдің ішінде синтетикалық препаратты шығаруға арналған түрлі қолбалар мен арнайы қондырғылар табылды және тәркіленді. Сондай-ақ дайын өнім – “мефедрон” психотропты заттары мен аса ауқымды а-PVP тәркіленді, – деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.

Белгілі болғандай, синтетикалық есірткі өндірісі үшін қолданылатын заттар мен зертханалық қондырғылардан тұратын жүктің Алматыдағы көлік-логистикалық компаниялардың біріне жеткізілуі полицияның назарын аудартты.

“Жүктің” тапсырыс берушісі 45 жастағы К.есімді ер адам болып шықты. Жүргізілген арнайы іс-шаралар оның заңсыз әрекетін және есірткі зертханасын анықтады. Ер адам ұсталды және сот оны ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі көлемде психотроптық затты сату мақсатында заңсыз дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды