Жириновский енді Қырғызстанға шүйлігіп отыр

TASS
Бішкекте орыс тілінде сөйлейтін сатушы әйелге шабуыл жасалғаны үшін.

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Ресейдің Қырғызстандағы елшісін кері қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, саясаткер елшіні "тез арада" қайтаруды, сонымен бірге Қырғызстанмен "коммерциялық байланыстардың бәрін тоқтатуды" талап еткен. Жириновскийдің осындай талап қоюуына Бішкекте орыс тілінде сөйлейтін сатушы әйелге шабуыл жасалуы себеп болған.

Саясаткердің айтуынша, "қырғыз елшілігі алдында өте қатаң пикет өткізу керек".

Мен де келем. Сөйтіп қатаң түрде Қырғызстанның Ресейдегі жұмысшыларын депортациялауды талап етеміз, - деген Владимир Жириновский.

2021 жылдың басында Жириновский Ресейге Орталық Азия елдерінің мигранттарын кіргізудің қажеті жоқ деп мәлімдеген.

2013 жылы Қырғызстан Владимир Жириновскийді персона нон грата деп жариялаған. Сол кезде саясаткер қырғыздар қарызды кешіргені үшін Ресейге Ыстықкөлді сыйлауы тиіс деп мәлімдеген. Саясаткердің Қырғызстанға келуіне салынған тыйымның алынған-алынбағаны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды