Ақ үйге оралған кәрі Байден адасып кете жаздады

instagram.com/joebiden
Бұл видео 78 жастағы президентті сынайтындарға жақсы болды, олар Байденнің конгнитивтік бұзушылыққа, яғни ақылынан алжасуға бейім екенін көрсетінін тағы да айтып, шуласты.

Ақ үйге кіре берісте арнайы агент нұсқауын елемеген АҚШ президенті Джо Байденнің әрекеті желі қолданушыларын тағы да таң қалдырды, деп хабарлайды zakon.kz.

The Hill басылымы америкалық президенттің Уилмингтоннан ұшып келіп, өз резиденциясына оралған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Видеода Америка президенті арнайы төселген жолмен емес, көк шөпті басып жүре береді әрі оған дейін қауіпсіздік қызметкері қалай жүру керектігін көрсеткен нұсқауды елемейді.

Бұл видео 78 жастағы президентті сынайтындарға жақсы болды, олар Байденнің конгнитивтік бұзушылыққа, яғни ақылынан алжасуға бейім екенін тағы да айтып, шуласты.

Олар бұған дейін де АҚШ-тың егде жастағы президенті Байденнен ел басқаруға қабілетті екенін дәлелдеу үшін когнитивті тест тапсыруын талап еткен. Бірнеше сарапшы көшбасшының ақылы кеміп, ұмытшақтыққа ұрынуы мүмкін деп мәлімдеген де еді.

Алайда кейбіреулер егде жастағы президентті қорғап, арнайы агент мемлекет басшысына Ақ үйге бару үшін айналма жол барын көрсеткен деген пікір білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды