Билікке келген тәліптер Ауғанстан атауын өзгерткелі жатыр

wikipedia.org
1996-2001 жылдар аралығында Талибан билігі кезінде Ауғанстан мемлекеті осылай аталды. Кейіннен АҚШ күштері терроризмге қарсы науқан аясында Ауғанстанға келіп, тәліптерді биліктен айырды.

Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жарияламақшы, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ABC News.

1996-2001 жылдар аралығында Талибан билігі кезінде Ауғанстан мемлекеті осылай аталды. Кейіннен АҚШ күштері терроризмге қарсы науқан аясында Ауғанстанға келіп, тәліптерді биліктен айырды.

Бұған дейін республика президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кеткені белгілі болды. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігі басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға кетті деген болжам бар. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оманның атын атайды.

Осыдан кейін тәліптер Кабулға кірді, президенттік сарайды басып алды, енді олар мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарғалы жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды