Шымкенттік оқушы географиядан өткен халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті.

Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) күміс медаль жеңіп алды.

Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.

Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды.

IGEO олимпиадасы үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. IGEO негізінен қатысушылардың кеңістіктік қатынастары мен процестерді түсінуін, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде экономикалық мақсаттарда қолдану қабілетін тексеретін олимпиада.

Осындай шәкірт тәрбиелеген ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызына алғыс білдіреміз!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды