"Ашпыз дейді...". Қазақстандағы ауған азаматтары туыстарына алаңдап, көмек сұрайды

pixabay.com
Туыстарымызды Қазақстанға әкелсе екен, соны өтініп сұраймыз.

Алматыда дәрігер мамандығы бойынша біліп алып жатқан 28 жастағы Саид Сабер Димрал жақындары үшін қатты алаңдайды. Оның ет жақындары Ауғанстанда қалған. Студенттің айтуынша, ондағы жағдай өте ауыр. Тіпті, далаға шығу мүмкін болмай тұр дейді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

САИД САБЕР ДИМРАЛ, ҚАЗАҚСТАНДА ОҚИТЫН АУҒАН СТУДЕНТІ:

Менің отбасым, ата-анам., қарындасым мен інім Ауғанстанда. Жанұяма үлкен қауіп-қатер төніп тұр. Ауғанстандағы жағдай қорқынышты. Билікке шабуыл жасалған соң, тіпті қиындап кетті. Байланысу да оңайға соқпай тұр.

Саидтің айтуынша, әкесі тәліптерден Кайсар қаласына қашып кеткен. Ал, 60-жастағы анасы мен бауырлары 4 қабырғаға қамалып отыр. Тәліптер 18-ге толған бойжеткендерді тұрмыс құруға мәжбүрлеп, мектеп, саябақ, мекеме ғимараттары өртеліп, жұрттың мал-мүлігін жойып жатыр дейді.

Шымкенттік Абдусаттар Мұхаммедалин де ауған жерінде қалған бауырларын уайымдайды. Оның айтуынша, он күн бұрын бір ағасының қос ұлы тәлібтер қолынан қаза тапқан. Өйткені шаһар көшелерінде тәлібтер тым көп.

ҒАППАР МҰХАММЕДАЛИН:

Тәліптер келіп, бізді шығармай жатыр. Жағдайымыз қиын. Бәрі түсініксіз. Нанға да, ауруханаға да ешқайда бара алмай жатырмыз.

Абдусаттар МҰХАММЕДАЛИН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күнде звондайды жағдайымыз жаман болып тұр деп. Біз не істей аламыз, қолымыздан не келеді. Біз де білмей тұрмыз. Бес ағам бар менің ол жақта. 8 апам бар, басқа да туғандарымыз, балалары бары сол жақта. Соларды Қазақстанға әкелсе екен, соны өтініп сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды