Алматы облысы Маңғыстау облысына 40 вагон шөп жөнелтті

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысында мал азығы жетіспеушілігі орын алмайды деп болжанып отыр.

Алматы облысының белсенділері Маңғыстау облысының фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 42 вагон шөп, 1 вагон мал жемін жөнелтті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше облыс белсенділерінің күшімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Жетісу" ӘКК тарапынан 32 вагон шөп пен 1 вагон мал жемі жинақталып жіберілді. Сонымен қатар Панфилов ауданының белсенділері де 10 вагон шөп қосымша жөнелтті.

Қазір өңірде мал азығын дайындау ісі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні 2321,6 мың тонна шөп немесе жоспардың 82,4%-і жиналды, 331 мың тонна сабан, 419,6 мың тонна пішендеме, 212,6 мың тонна мал жемі, жалпы көлемі 3,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл жұмыстарға құрамында 1600-ден астам адамы бар 295 шөп жинайтын бригада жұмылдырылды. Сол сияқты 1576 шөп шабатын машина, 1401 пішен жинағыш техника жұмыс істеуде. Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи және мемлекеттік орман қоры аумақтарының 15,3 мың га жерін шөп шабуға, 959 мың га жерін жайылым үшін шаруашылықтар мен тұрғындар пайдаланып отыр.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Алматы облысында мал азығы жетіспеушілігі орын алмайды деп болжанып отыр. Жем-шөп дайындау ісі жалғасуда.

Атап өтсек, биылғы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 3,7 мың гектарға ұлғайып, 972 мың гектарды құрап отыр. Қазіргі кезде 216,2 мың га масақты дақылдар жиналды, 361,5 мың тонна астық бастырылды, астықтың орташа шығымы – 16,7 ц/га.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды