Тоқаев Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды

Ақорда
Бұл біздің стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады - Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы былай деп қаулы етті:

1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, 16-17 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяда болды. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданды. Қазақстан Президентінің айтуынша, "бұл біздің стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды