Токиода Паралимпиада ойындары басталды

Сурет: zakon.kz
Қазақстанның намысын спорттың жеті түрінен 25 паралимпиадашы қорғайды.

Токиода Паралимпиада ойындары сейсенбі күні де басталып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Бағдарламада жаңа спорт түрлері төбе көрсетеді: бадминтон мен таэквондо, олар желкенді спорт пен футболдың бір түрін алмастырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарыста спорттың 22 түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынады, бұл 2016 жылғы Паралимпиадаға қарағанда 11 жиынтыққа артық. Алғашқы марапаттар 25 тамызда велосипедпен, отыра семсерлесу және жүзу спорттары бойынша бәске түседі, деп жазады РИА Новости.

Қазақстанның намысын спорттың жеті түрінен 25 паралимпиадашы қорғайды.

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан алты, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш және жеңіл атлетикадан екі лицензия ұтып алды, - делінген ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды