Қазақстанға Ресейден криминал-көліктер келіп жатыр

видеодан кадр
Олар ұрланған немесе несиесі төленбеген боп шығып жатыр.

Ресейден жеткізілген көліктерді сатып аларда сақ болыңыз! Бағасына қызығамын деп басыңыз бәлеге қалуы мүмкін. Өйткені, көршімізден әкелінген кейбір темір тұлпарлар ұрланған. Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, қулығына құрық бойламайтындар көлікті Ресейде лизингке немесе кредитке рәсімдеп алады да, алғашқы бірнеше ай бойы ақшасын төлеп жүреді екен. Бірақ артынан кредит рәсімдегендер көлікті Қазақстанға алып келіп, сатып жіберетін көрінеді.

Қанат Нұрмағамбетов, ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:

Ресейлік әріптестерімізбен жұмыс жасағанда осындай қылмыстардың көбейгенін байқап отырмыз. Осылайша қылмыскерлер барлық құжатын сатып алған адамға жазып бере салады. Ал лизингтік компания төлем түспегеннен кейін көлікті іздей бастайды. Құқық қорғау органдарына жүгінеді. Содан кейін ғана іздеу жарияланады. Жалға алынған көліктер де тура сондай жолмен сатылып жатады.

Елімізде де жағдай жетісіп тұрған жоқ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері автокөлікті ұрлаумен айналысқан 749 адам және 17 қылмыстық топ ұсталған. Бөгденің темір тұлпарын қолды қылған оқиғалардың көбі Алматыда болған. Одан кейін Алматы облысы және Қостанай өңірі тұр. Ал елімізде жиі ұрланатын автомобильдер – Мерседес, Тойота, Мазда екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды