ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Ақорда
Бұл лауазымды қызметке Батырбек Байбосынов келді.

Батырбек Байбосынов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Батырбек Байбосынов 1978 жылы 6 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

· ҚР ҰҚК Әскери институты (2000);

· "Тұран-Астана" университеті (2009)

Еңбек өтілі:

- Взвод командирі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде рота командирінің орынбасары (05.2000-11.2002);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі қызметтерде болды (11.2002-08.2020);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарының міндетін атқарушы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күзет қызметінің бастығы (28.08.2020-14.12.2020);

- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Тұңғыш Президенті Қауіпсіздік қызметінің бастығы (14.12.2020 жылдан бастап)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды