Шымкентте этноауыл өртенді

Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Өрт 01: 10-да ауыздықталып, 01: 19-да толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Шымкентте этноауыл аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 тамызда сағат 00: 49 -да 101 шұғыл байланыс желісіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Құрылыс жүргізіліп жатқан қаладағы әл-Фараби ауданы Сапақ Датка көшесіндегі "Шымқала" этноауылының аумағы мекен-жайы бойынша шақыру болды. Өрт сөндірушілер шақырту орнына 7 минутта жетті. Оқиға орнында ауданы 80 шаршы метр болатын сарайдың қамысты шатыры өртеніп кеткені анықталды. Өрт 01: 10-да ауыздықталып, 01: 19-да толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда, - деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды