Шетелдік студенттерге Қазақстанға келуге рұқсат етілді

noomarketing.net
Ол үшін шетелдік студент вакцина алған болуы керек.

Шетелдік студенттерге Қазақстанға келуге рұқсат етілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекцияcsның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы айтылатын Ерлан Қиясовтың жаңа қаусылында 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етті. Соның ішінде шетелдік студенттердің білім алу мақсатында елге келуіне рұқсат етілді.

Ол үшін шетелдік студент:

- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өтсе;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберу бұйырылды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысымен мына арадан таныса аласыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды