Қазақстандықтар баспана алу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалана алады

zakon.kz
Тоқаев алдында қолға алынған бастаманы жалғастыру керектігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтар баспана сатып алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асқан қаражатын "Отбасы" банкіндегі есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мен осыған дейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының оң әсерін атап өткен болатынмын. Сонымен қатар бұл шара адамдардың жұмыс берушілерден жалақысын "таза" есептеуді талап етуге итермеледі, - деді ол.

Бұл ретте Тоқаев бұл бастаманы жалғастыру керектігін атап өтті.

Бұл тенденцияны сақтау үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен жоғары бөлігін баспана сатып алу үшін Oтбасы банкіндегі шотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ бұл азаматтарымыздың қаражат жинауға мүдделі етіп, оларды ақылмен басқаруды әдетке айналдыруға түрткі болады, деп санайды Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды