Ресейде бас редакторлар "шетел агенті" тізімін жоюды талап етті

Pixabay
Ресей үкіметінің "шетел агенті" тізіміне 43 басылым мен жеке тұлға енген.

Ресейде жиырмадан астам тәуелсіз басылымның бас редакторлары биліктен "шетел агенті" тізімін жоюды талап етті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Олар ашық хатты Ресей президенті Владимир Путинге, оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа және әділет министрі Константин Чуйченкоға жолдады.

Хатқа қосылғандардың арасында "шетел агенті" тізіміне енген "Дождь" телеарнасы бар. Ашық хатқа "Новая газетіның" бас редакторы Дмитрий Муратов, "Эха Москвы" радиосының басшысы Алексей Венедиктов, Znak.com сайтының иегері Аксана Панова, аймақтардағы басылымдардың өкілдері қол қойды.

Ресей үкіметінің "шетел агенті" тізіміне 43 басылым мен жеке тұлға енген. Олардың арасында Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс қызметі де бар. Медиакорпорация басшылығы Ресей билігінің бұл шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.

Соңғы айларда бұл тізімге "Медуза" басылымы, "Дождь" телеарнасы және тағы бірнеше танымал тәуелсіз ақпарат құралы енгізілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды