Гондураста ең төменгі жалақы 120 мың теңге

bptrip.ru
Жолдаусыз, небір шешімдер мен тапсырмаларсыз-ақ.

"Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі", дегенге сонша қатты қуанатындай себеп жоқ, дейді желіде Шыңғыс Бауыржанұлы деген блогер.

Оның пайымдауынша, бұл "өлместің күйін сақтап тұратын" шара ғана екен.

Науқасқа өліп қалмауы үшін өкпені желдететін аппарат арқылы берілетін кислородтың кезекті дозасы сияқты. Салыстыру үшін айтайын, шетелге тек кофе, креветка мен банан ғана сататын Гондураста ең төменгі жалақы мөлшері 120 мың теңге. Бұл жылына шетелге миллиондаған тонна мұнай, миллиардтаған текшеметр газ, миллиондаған тонна металл мен бидай, әлемде өндірілетін уранның жартысына жуығын сататын біздің Қазақстандағы ең төменгі жалақыдан үш есеге жуық көп.

"Гондурастықтар қазақстандықтар емес: кәдімгі көк бананын сатып-ақ он миллион халқы бар елдің экономикасын үндемей-ақ асырап отыр", деп сүйкеп жіберіпті пост авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды