Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

zakon.kz
Бұл шара қаңғыбас жануарлардың мәселесін шешу үшін бағытталған.

Алматыда 45 мың үй жануарларына чип салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ветеринария бөлімі басшысының айтуынша, чиптеумен қатар ит пен мысықты құтыруға қарсы жыл сайын вакциналау жүргізіледі.

Әйгерім Жақсылық қаңғыбас жануарлардың мәселесін шешу үшін микрочиптер орнатылатынын нақтылады.

Қаңғыбас жануарлардың көшеде пайда болуының негізгі себептеріне қыдыруға босатып жіберу, жоғалтып алу, қасақана тастау жатады. Ал чиптің болуы көшеден табылған жануарды иесіне қайтаруға немесе иесін жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық деректер иттер мен мысықтарды сәйкестендірудің бірыңғай базасына енгізілетін болады, - деді ол.

Сонымен қатар, үй иттері мен мысықтарын ұрық жолын бітеу мен піштіру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ары қарай жалғаса бермек. 2024 жылға қарай Алматыда 28 000 жануар осындай процедурадан өтеді.

Мемлекеттік бағдарлама үйсіз жануарлар санын заңды реттеуге бағытталған. Ұрық жолын бітеу мен піштіру бағдарламасы жылына екі рет, ақпан мен тамызда жүргізілетін болады, - деді Жақсылық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды