Биыл жазда Алакөлге 1 млн-нан астам турист келді

ШҚО ақпараттық орталығы
Ауданда туризмның дамуы үшін әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Үржар ауданында туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Туристерге жайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жобалар іске асырылуда. Соның дәлелі биыл ауданда әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы аудан әкім Нұржан Тоқсейітов баспасөз конференциясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Былтыр Алакөлге 2 391,9 млн теңге бөлініп, Мақаншы-Көктал бағыты арқылы жоғары кернеулі электр желісі тартылды. Сонымен қатар, көл жағалауында су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен 986,5 млн теңге бөлінді. Ауданда туризмның дамуы үшін әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы құны 4 747,0 млн теңге, - дейді аудан әкім Нұржан Тоқсейітов.

Айта кетейік, биыл жаз маусымында Алакөлге 1 млн-нан астам турист келген.

- Биыл демалыс орындарында полиция және фельдшерлік пунктін салуға облыстық бюджеттен 157,1 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Алакөл жағалауында 60 га жерді құрғату үшін 242,4 млн теңге қарастырылды. Биыл жаз маусымында Алакөлге 1 млн астам турист келді, - дейді аудан әкімі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды