Тараздағы жарылыс: Зардап шегуші тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды

ҚР Қорғаныс министрлігі
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Жамбыл облысында болған жарылыстардан зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің маңынан өрт шықты. Қорғаныс министрлігі онға жуық жарылыс болғанын хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, 16 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды