Қазақстан-2021: Теннис жеңімпаздары 2 млн теңгеден сыйақы алады

ktf.kz
Сыйлықтан басқа, жеңімпаздар республикалық чемпионаттан кейін өтетін Astana ATP 250 және WTA250 кәсіби турнирлеріне арналған "Wild-card" алады.

13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы Ұлттық чемпионат басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл додаға республикамыздың барлық аймақтарынан жүзден астам теннисші қатысады, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстанның ең мықты теннисшілері жеңімпаз атағы мен 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық үшін бақ сынасады. Ерлер арасында Дмитрий Попко, Тимофей Скатов және Денис Евсеев - ең үздіктер тізімінде. Қыздар арасында Гозал Айнитдинова мен Жибек Құламбаева да чемпиондықтан үміткер.

Жеңімпаздар тізімінде жаңа есімдер болуы әбден мүмкін. Ол 17 қыркүйекте белгілі болады. Сыйлықтан басқа, жеңімпаздар республикалық чемпионаттан кейін өтетін Astana ATP 250 және WTA250 кәсіби турнирлеріне арналған "Wild-card" алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды