"Ұятсыз видеоны желіге саламын!". Алматылық келіншекті танысы бопсалаған

pixabay.com
Криминалдық полицияның мәліметінше, бұрын ер адам бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алматыда 12 миллион теңге бопсалаған "Шаңырақ" ықшам ауданның 40 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға 23 жастағы азамат Н. жүгініп, өз анасынан танысы 12 миллион теңге бопсалап жүргеніне шағымданған. Қаскөй әйелді әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фото мен видеоларын салып жіберемін деп қорқытып, бопсалаған, - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 3-бөлігі (Бопсалау) бойынша тіркеуге алынды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан танысынан сұраған соманың бір бөлігін алғанын мойындады. Тергеу жалғасуда, - деп түсіндірді ол.

Криминалдық полицияның мәліметінше, бұрын ер адам бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды