Мәжбүрлі вакцина мен АЭС үшін билікке қарсы шыққан Әлтаев ұсталды

Assemgul Mukhytqyzi (RFE/RL)
Соңғы екі күнде партияның кемінде алты мүшесі 7-15 тәулік аралығында қамалған.

8 қыркүйекте полиция тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты бөлімшеге жеткізіп, үстінен "бейбіт жиын тәртібін бұзу" бабы бойынша хаттама толтырды. Бұл туралы партия өкілдері хабарлады.

Соңғы екі күнде партияның кемінде алты мүшесі 7-15 тәулік аралығында қамалған.

- Сағат 11-де полиция Әлтаевты кешегі митинг үшін алып кетті. Олардың айтуынша, рұқсат етілмеген митинг өткен. Бірақ бізде әкімдікке жіберген ескертуіміз бар. Сондықтан шара заңды. Бірақ соған қарамастан оны ұстап әкетті, – деді партия өкілі Самал Қазақбаева Азаттық тілшісіне.

Бір күн бұрын тіркелмеген "Ел тірегі" партиясы Нұр-Сұлтанда үкімет отставкасы, вакцина салуды мәжбүрлемеуді және АЭС салмауды талап етіп, акция өткізген еді. Полиция оларды орта жолда тоқтатып, артынша шамамен 25 адамды ұстап әкеткен. Бірақ акцияны ұйымдастырушы, партия жетекшісі Нұржан Әлтаевты ұстамаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды