Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағы бір лауазымға ие болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Айта кетсек, Марат Ахметжанов 2021 жылдың 16 сәуірінде еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңесті басқаратын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомства мәліметінше, аталған кеңес өзіне мүше мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы міндеттерді орындауды бақылау мен бірлескен әрекеттерді үйлестіреді. Кеңес отырысында Ахметжанов Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жоюдың мақсатты бағытын ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа әрдайым дайын екендігін баса айтты.

Сондай-ақ ол әріптестерін қылмыстық процесті жаңғыртуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың жаңашылдығына және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Ахметжанов 2021 жылдың 16 сәуірінде еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды