Мәжіліс балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қарайды – Нығматулин

Ж. Жұмабеков
Заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттар қарауына баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Құжат балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін Қазақстан Республикасының орындауы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында және "Балаға мейірімді Қазақстан" атты екі халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша дайындалған ұсынымдар шеңберінде әзірленді.

Аталған заң жобасында сәйкес, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және еңбек кодекстеріне, сондай-ақ, тағы басқа да бірқатар заң жобаларына түзетулер енгізілу ұсынылады.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды