Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салады - фейк

pixabay.com
Бұл дақпыртқа қатысты Алматы облысының әкімі түсінік берді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов "оңтүстік өңірдің мектептері балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу үшін тізім жасап жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Жалағаш ауданы білім бөлімінің басшысының қолы қойылған және мектеп директорларының атына жазылған құжат пайда болды. Онда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспары туралы айтылып, 9 қыркүйекке дейін қажетті тізімдерді өткізу тапсырылған.

Байжұманов бұл ақпараттың жалған екенін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде балаларды вакциналау мәселесі әлі шешілмеген.

Біз ата-аналар арасында ешқандай сауалнама өткізіп, олардың балалары туралы мәліметтерді жинап жатқанымыз жоқ. Бұл құжат Қызылорда облысында шыққан. Менің ойымша, бұл жалған ақпарат, себебі ақпарат расталмаған, - деді ол.

Оның айтуынша, егер балаларға қатысты вакциналау жұмысы жүргізілетін болса, бұл бір облыстың аясында емес, бүкіл еліміз бойынша атқарылатын еді.

Егер мұндай жұмыс жүргізілсе, ол бүкіл республика бойынша атқарылатын еді. Бірақ бүгінгі күні балаларды КВИ-ге қарсы вакциналау мәселесі әлі көтерілген жоқ, - деп қайталады ол.

Айта кетсек, Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасын егу жоспарланған. Бұл вакцина қазан айында жеткізіледі деп күтіледі.

Оксана Скибан, Кәмшат Сатиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды