Ашғабадта коронавирустан тәулігіне жүздеген адам қайтыс боп жатыр

azathabar.com (RFE/RL)
10 қыркүйекте қаланың Чоганлы ауданындағы мәйітханаға 300-ге жуық адамның денесі жеткізілген.

Ашғабад мәйітханасына күн сайын коронавирустан қайтыс болған жүздеген адамның сүйегі жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі денсаулық сақтау мекемелеріндегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлайды.

Ақпаратқа қарағанда, 10 қыркүйекте қаланың Чоганлы ауданындағы мәйітханаға 300-ге жуық адамның денесі жеткізілген.

Жергілікті тұрғындар мазарларда мәйітті жерлеу үшін жер қазуға адамдар жетіспей, экскаваторлар қазып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, коронавирустан үйінде қайтыс болғандар бірден жерленіп жатыр. Жаназасына да ешкім қатыстырылмайды.

Тілшілердің айтуынша, коронавирусты анықтау тесті өлкеде COVID-19 вирусының "Дельта" штаммы бар екенін көрсеткен.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, Мары облысында мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерге вакцина алмағандарды жұмыстан шығарамыз деп ескерткен.

Биыл ақпан айынан бастап Түркіменстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина алу барлық азаматтарға міндеттелген.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елде ковид вирусы анықталмады деп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды